Диқандар елордаға 450 тоннадан астам өнім әкелмек.
Осы аптада Қызылорда облысының диқандары Астанада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Елорда әкімдігі жәрмеңкеде қандай өнімдерді сатып алуға болатынын атап өтті.
Өңір диқандары елордаға 450 тоннадан астам өнім әкеледі:
130 тоннадан астам күріш;
10 тонна ет;
шамамен 30 тонна балық;
30 тоннаға жуық көкөністер мен жемістер;
230 тонна қауын;
3 тонна тұз;
10 тонна сүт өнімдері;
5 тонна кондитерлік және басқа да тауар түрлері.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер тауарларының жәрмеңкесі 16 және 17 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
«Жәрмеңке қонақтарына Қызылорда облысының мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады», — деп хабарлады әкімдік.
Жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы 50, ҚазҰУИ алдындағы алаң («Шабыт») мекенжайында ұйымдастырылады.