Now Reading
Астана балабақшаларында балалардың тамақтану процесін бақылауға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана балабақшаларында балалардың тамақтану процесін бақылауға болады

Астана балабақшаларында балалардың тамақтану процесін бақылауға болады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов елордадағы білім саласындағы электронды жүйелер мен платформалар туралы айтты.

Спикердің айтуынша енді ата-аналар «Электрондық балабақша – тамақтануды бақылау» арқылы балаларының балабақшаға баруын және олардың тамақтану барысын бақылай алады. Ол келісім 2022 жылдың шілдесінен бастап мектепке дейінгі ұйымдарға «INDIGO: Электрондық балабақша» ақпараттық өнімімен байланыссыз және жылдам қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін түсіндірді.

Сондай-ақ спикер бүгінде елордадағы барлық білім беру ұйымдары цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Барлық камералар мен дүрбелең түймелері полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Барлық орнатылған камералар талаптарға сай. Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздікті 1 санатты лицензиясы бар компаниялар қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық білім беру нысандары турникетпен қамтамасыз етілген», — деп қосты Нариман Еламанов.

Сондай-ақ басқарма тамақ қабылдау, қоғамдық көлікте жол жүру, әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларына материалдық көмек көрсету, кіреберіс топтарының турникеттерінен өту қызметтерін біріктіретін «Әлеуметтік әмиян» жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу үдерістері MINDAL және Kundelik.kz электронды жүйелері арқылы жүйеленіп реттеледі.

«Бұл ретте MINDAL электронды жүйесі арқылы қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау процесі автоматтандырылған. Балалардың сабаққа қатысуының ашықтығын толық бақылау үшін сабаққа қатысу парақтарының функционалдығы алғаш рет 2022 жылдың сәуірінде қосылды. Сондай-ақ оқушылардың үлгерімін бақылау үшін барлық орта білім беру ұйымдары Kundelik.kz автоматтандырылған электронды журналына қосылған — кәдімгі мектеп күнделігі мен мұғалім журналының цифрлық аналогы, бірақ мұғалім, оқушы және оның отбасы үшін қосымша мүмкіндіктер бар», — деп түсіндірді басшысының орынбасары.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін оқуға түсу сәтінен бастап диплом бергенге дейін колледждердің оқу іс-әрекетіндегі бизнес-процестердің көпшілігін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Platonus college» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Білім беру үдерісін жақсарту мақсатында орта білім беру ұйымдары Online mektep.kz, Bilim Land, Daryn.online сияқты білім беру ақпараттық платформаларында жұмыс істейді. Мұғалімдер үшін online-metod.kz, elorda-mektep.kz әдістемелік қолдау көрсетуге арналған ашық онлайн платформалар жұмыс істейді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «2023-2025 жылдарға арналған білім беру процесін цифрландыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» Жол картасы бекітілді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×