IV Азия Пара ойындарындағы жарыстың екінші күні, 24 қазанда қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Каноэшілер Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай жұбы Қытайдың Ханчжоу қаласында екі күміс жүлдені жеңіп алды.
Бірінші, Жалғас Тайкенов каноэ есуден KL3 сыныбында 43,369 секунд нәтижемен екінші орынды иеленді.
Одан кейін Спатай Бибарыс 200 метрге пара каноэде жүзуде күміс жүлдені жеңіп алды.
Қазақстандық спортшылардың қоржынында қазір 10 медаль бар: екі алтын, төрт күміс және төрт қола. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте сегізінші орында. Жарыс қожайындары бәрінен де алда. 100 медальмен қытайлықтар сөзсіз көшбасшы.
Бұған дейін дзюдодан қазақстандық Ақмарал Науытбек Пара Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.