ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен ағымдағы жылдың 1 шілдесінде елде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру құзыретіне кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 700 тексеру жүргізді, оның 340-ы профилактикалық бақылау аясында болса, 360-ы жоспардан тыс.
Мемлекеттік бақылауға жергілікті атқарушы органдардың 117 облыстық және аудандық бөлімдері, 176 мектептер, колледждер, балабақшалар, 76 басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері, 45 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 26 дүкен, 22 сауда орталығы, 12 санаторий, 72 емхана, ауруханалар, дәріханалар, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 банк филиалы, 4 Қазпошта бөлімшесі, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 спорт ұйымы, 5 дәмхана, 2 шаштараз, т.б.
Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар баланың ата-анасының өтініші негізінде «Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді, әкімшілік айыппұл салынды.
Осы департамент мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактісі бойынша «Small» сауда объектілеріне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді, субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1 268 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 875 ұйғарым бергенін, 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салғанын қосымша атап өтеміз.