Now Reading
Ерекше қажеттіліктер: Жетісу барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше қажеттіліктер: Жетісу барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді

Ерекше қажеттіліктер: Жетісу барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді

Жетісу облысында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға қолдау көрсететін 18 мекеме бар.

Оның ішінде арнайы интернаттар, облыстық психологиялық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бар, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әрбір бала өз құрдастары сияқты білім ала отырып, тең мүмкіндіктерді пайдалануға құқылы. Дегенмен, кейде денсаулыққа байланысты мәселелер туындайды. Осындай жағдайларға қолдау көрсету үшін жалпы білім беретін мектептерде 203 дефектолог, 165 логопед, 1 логопед, 108 әдістемелік көмекші жұмыс істейді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл Көксу ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Сондай-ақ, Панфилов ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте, Талдықорған қаласындағы №7, Қ.Ушинский атындағы №27 орта мектептерде инклюзивті қолдау кабинеттері бар. Талдықорған қаласындағы №16 орта мектепте ресурстық кабинет ашылды.

Талдықорған № 7 мектебінде қазір 10 бала инклюзивті біліммен қамтылған.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахтихан Сейітованың айтуынша, бұл балаларға аутизм және психикалық дамуы тежелген деген диагноз қойылған.

«Мектебімізде 2019 жылдың қыркүйегінде он балаға арналған инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Осы үш жылдың ішінде 10 баланың 3-і қоғамдық ортаға бейімделіп, өз бетінше оқуға мүмкіндік алды.Ал қазір 10 бала инклюзивті білім алуда.Олардың барлығы сыныптастарымен сабаққа барады.Олардың әрқайсысына ассистент бекітілген,яғни бізде 10 педагог-ассистент бар.Мұндай балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ұсынылған бағдарлама бойынша оқытылады. Алғашында ата-аналардың да, оқушылардың да, тіпті кейде мұғалімдердің де қарсылығы болды. Алайда, осы үш жыл ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар білім беру ортасында және құрдастар ұжымында бейімделу үдерісінде ілгерілеушілік байқалды. Яғни, инклюзивті білім берудің тиімділігі уақытпен дәлелденді» Бахтихан Сейітова.

Инклюзияны қолдау кабинеттері жұмысының тиімділігін ескере отырып, өңірде білім басқармасының Жол картасына сәйкес 2024 жылы тағы 2 кабинет ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Жетісу облысында мемлекеттік балабақшаларда, мектептер мен колледждерде 1896 бала инклюзивті білім берумен қамтылған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×