Now Reading
Алматыда студенттерге арналған жатақхана инклюзивті әдіспен   салынып жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда студенттерге арналған жатақхана инклюзивті әдіспен   салынып жатыр

Алматыда студенттерге арналған жатақхана инклюзивті әдіспен   салынып жатыр

Алматыда студенттерге арналған жатақхана инклюзивті әдіспен   салынып жатыр

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Нархоз университетінде болып, жаңа жатақхананың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жатақхананың құрылысы үлескердің өз қаражаты есебінен университет аумағында жүргізілуде. Қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған, жатақхана жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Қала басшысы студенттердің тұруы мен оқуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахмет жатақхана білім грантымен де, коммерциялық негізде де оқитын студенттерге арналғанын атап өтті. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы бөлмелер жоба бойынша 424 төсектік заманауи жатақханада студенттерге жайлы инклюзивті бөлмелер, асхана, медициналық пункт, интернетке қосылған коворкинг, оқу мен демалысқа арналған қоғамдық орындар жоспарланған.

Аймақты абаттандыру және көгалдандыру аясында 100-ден астам бұталар мен ағаштар отырғызылады, ландшафты көгалдандыру, воркаут аймақтары және сирек кездесетін өсімдіктермен пайдалануға жарамды шатыр қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алуда, оның 124 мыңы (62,2%) басқа қалалардан келген студенттер. Мегаполисте 109 жатақхана бар, онда 36,2 мың студент тұрады.

Жатақхана құрылысын үйлестіру үшін 2023 жылдың наурыз айында Алматы қаласының әкімдігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жобалық кеңсені іске қосты. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – Алматы қаласында студенттерді жатақхана салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда, студенттерге жедел құқықтық, консультациялық және сараптамалық көмек көрсету үшін жоғары оқу орындары қала әкімдігі мен қаржы орталығынан тұрғын үй құрылысына қызығушылық танытқан әлеуетті инвесторлар тартылған.  Іске қосылған сәттен бастап жобалық кеңсеге 120 әлеуетті инвестор хабарласты, бұл қолдау тетігінің тартымдылығын көрсетеді.

Осылайша 2023 жылы жатақханалар құрылысының жоспары екі есеге жуық артты – 3969 төсектік 14 нысан пайдалануға берілді, жоспарланған көрсеткіш 2 мың төсек болатын. Жатақхана тапшылығы 32,7 мыңнан 28,7 мың төсекке дейін қысқарады.

2024 жылға мақсатты 4 мың төсек-орын, бірақ 6690 төсектік 15 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 1165 төсектік 5 нысан оқу жылының басына дейін пайдалануға беріледі.

Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 12 мың орындық, ал 2030 жылға қарай тағы 20 мың орындық жатақханаларды іске қосу жоспарлануда. Осылайша Алматыдағы жатақхана тапшылығына байланысты жатақхана мәселесі толығымен шешілмек.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×