Әйел еңбекке қабілеттілігінен айырылып, тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы әкімге жүгінген кезде, оған көмек көрсетілмеді.
Павлодар облысының сотында мүгедектік алған көп балалы ананың құқығы қорғалды.
Әйел мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін ұзақ кезекте тұрған. 2022 жылы оған Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекөл ауылынан көптен күткен пәтер берілді. Бірақ, жаңа үйде пешпен жылыту, сондай-ақ сумен жабдықтауда және канализация жүйесінде мәселелер туындады.
2023 жылы көп балалы әйел мүгедектік алып, әйел үшін пеш жағу қиынға түсті. Содан кейін ол тұрғын үй кезегін қалпына келтіру немесе мүгедектігі бар жан мәртебесіне сәйкес басқасын беру туралы өтінішпен әкімге жүгінген, бірақ өтініші қабылданбады.
«Сот істі қарау барысында әділдік пен парасаттылық қағидаттарының, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу тәртібінің бұзылуын анықтады. Сот шешімімен жауапкер талапкермен пәтер жалдау шартын бұзуға және К.-ны 2014 жылғы 27 маусымнан бастап есепке қойылған сәттен бастап көпбалалы отбасы санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қайтаруға, одан әрі мүгедек адам мәртебесіне сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға мәжбүр болды», — деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.