Now Reading
«Creative summer»: астаналықтар үшін демалыс күндері қандай бағдарлама дайындалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Creative summer»: астаналықтар үшін демалыс күндері қандай бағдарлама дайындалды

«Creative summer»: астаналықтар үшін демалыс күндері қандай бағдарлама дайындалды

1 маусым мен 31 тамыз аралығында әр сенбі және жексенбі күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Creative summer» жазғы жобасы өтеді. Оның алаңында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, флешмобтар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Жобаның мақсаты – ортақ мәдени мұраны жаңғырту мақсатында әртүрлі жастағы ұрпақтарды тарту. Біртұтас патриоттық рухты қалыптастыру және ұлттық мәдениеттің маңызын нығайту.

 

Қонақтар үшін балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, флешмобтар, сондай-ақ көше суретшілерінің қатысуы, шахмат, көп жанрдағы әртістер мен аниматорлардың қойылымдары сияқты ойын-сауықтар ұйымдастырылады.

 

20 шілдеде қала алаңында жоба аясында сағат 11:00-ден бастап аниматорлар өнер көрсетеді, сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін «Сабантуй» татар мерекесін ұйымдастырады, ал сағат 15:30-дан бастап «Бонус» студиясының екі сағаттық концерттік бағдарламасы өтеді.

 

Жексенбі күні, 21 шілдеде «Жерұйық» саябағында аниматорлар өнер көрсетеді, плэнер өткізеді. Басталуы сағат 16:00-де. Ал 17:00-ден 18:00-ге дейін Қуыршақ театрының қойылымын тамашалауға болады.

 

Сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін Цирк Дю Салем өнер көрсетеді, ал сағат 19.00-ден 20.30-ға дейін әлеуметтік билер жоспарланған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...