Now Reading
Қазақстандықтардың 3 күндік әлеуметтік демалысқа құқығы бар, бірақ ол туралы көпшілік біле бермейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтардың 3 күндік әлеуметтік демалысқа құқығы бар, бірақ ол туралы көпшілік біле бермейді

Қазақстандықтардың 3 күндік әлеуметтік демалысқа құқығы бар, бірақ ол туралы көпшілік біле бермейді

Әлеуметтік демалыс еңбек демалысынан бөлек ұсынылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, қызметкерлерге әлеуметтік демалыстар ҚР Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі.

«Қызметкерлерге (басқа әлеуметтік демалыстарды қоспағанда) жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде скринингтік тексеруден өтуге, сондай-ақ кемінде 3 жұмыс күнінен кем емес мөлшерде жүктілікке 12 аптаға дейін медициналық есепке тұруға арналған демалыстар беріледі», — дейді Еңбек министрлігі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу мерзімі еңбек өтіліне есептеледі.

Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

«Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге жұмыс орнын (лауазымдылығын) және орташа жалақысын тәртіппен және тиісті мөлшерде сақтай отырып, скринингтік тексеруден өту үшін демалыс беруге міндетті. Бұл талап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады», — деп хабарлады Еңбек министрлігінде.

Скринингтерді кім, қашан және қалай жүргізеді?

Скринингтік тексеруден өтуге арналған демалыстың тәртібі мен көлемін анықтау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен реттеледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық және скринингтік тексеруден өтуге міндетті.

«Халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте кезеңде анықтау және аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың нысаналы топтарын қалыптастыру және нығайту мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Скринингтік зерттеулер уәкілетті орган айқындайтын осы зерттеулерді жүргізу тәртібімен, көлемімен және кезеңділігімен скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс», — деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Еске сала кетейік, белгілі бір жасқа толған қазақстандықтар үшін онкологиялық скринингтің үш түрі бар:

• сүт безі қатерлі ісігінің скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда бір рет);

• жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда бір рет);

• колоректальды обырдың скринингі (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда бір рет).

Сондай-ақ қан айналымы жүйесінің негізгі ауруларына (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабеті, глаукома, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша скрининг жүргізіледі.

Скринингтен өту үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға (тіркеме) бару қажет. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скрининг кабинеттері бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Әлеуметтік демалыс қалай ресімделеді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкер әлеуметтік демалысқа шығу үшін қандай растайтын құжаттарды ұсынуы керек деген сұраққа жауап берді.

«ҚР Еңбек кодексінде қызметкердің скринингтік тексерулерден өткені туралы растайтын құжаттарды ұсыну міндеті реттелмегендіктен, бұл демалыс қызметкердің өтініші негізінде берілуі керек деп есептейміз, егер бұл құжаттарды қызметкер өз бастамасы ұсынатын болса (бұл дербес деректер туралы заңнаманы сақтау қажеттілігінен туындайды)», — деп түсіндірді министрлік.

Жұмыс беруші скринингке баруға рұқсат бермесе не істеу керек?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, егер жұмыс беруші қызметкерге скринингтік тексеруден өту үшін әлеуметтік демалыс беруден бас тартса, қызметкер «уәкілетті мемлекеттік еңбек органының аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы».

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×