Елордалық пара-каратэшілер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
17-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында пара каратэден Азия чемпионаты өтті.
Жарысқа 7 елден 30-ға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирде «Ката» санатында ел намысын астаналық төрт спортшы қорғады.
Атап айтқанда, көру қабілеті бұзылған спортшылар санатында өнер көрсеткен Ләззат Жүсіпова алтын медальді, ал зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі спортшы Нұржайна Жаннетова екінші алтын медальді жеңіп алды.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Дидар Мұхамеджанов күміс медальді иеленді. Мәртебелі турнирді тағы бір спортшы Біләлов Рустам (көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты) 5-ші орынмен аяқтады.