Now Reading
2021 жылы мүгедектігі бар қазақстандықтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 230 мыңнан астам қызмет алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2021 жылы мүгедектігі бар қазақстандықтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 230 мыңнан астам қызмет алды

2021 жылы мүгедектігі бар қазақстандықтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 230 мыңнан астам қызмет алды

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 158 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6 мыңнан астам адам – ымдау тілі қызметін, 31 мыңнан астам адам – жеке көмекшінің қызметін, 40 мыңға жуық адам – санаторий-курорттық емдеуді алды және 131 мыңнан астам тапсырыс кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге рәсімделді. 

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдар жеткізу арқылы немесе келіп ала аласыз.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ керекті арбалар беруді қамтиды. 

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 863 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 142 ОТҚ жеткізушісі, 13 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 255 ымдау тілін, 66 санаторий-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік пакетті жеткізуші тіркелген.

2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 190,7 мыңнан астам құжат рәсімделді. 

«Әлеуметтік қызметтер порталы»  автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар шеңберінде көзделген. 

Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдаудың байланыс-орталығынан алуға болады, оған тілді таңдап және 4 санды басып, бірыңғай 1414 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×