Now Reading
«Біз сеніммен балашаққа қадам басудамыз»: Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Біз сеніммен балашаққа қадам басудамыз»: Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

«Біз сеніммен балашаққа қадам басудамыз»: Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Елбасы барша қазақстандықтардың мемлекеттігімізді нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады. Елбасының құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды.

«Құрметті отандастар, Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз ең күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз, — деді Президент. Жүргізіліп жатқан реформалардың сенімді тірегі мен негізгі қозғаушы күші – қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіп, азаматтардың ерен еңбегі мен кәсіби шеберлігі.

«Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін еліміздің ертеңгі күні қандай болатынына сеніммен қараймыз, жауапкершілікпен мемлекеттігіміздің нығаюына үлес қосамыз. Барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке және үлкен жетістіктер тілеймін!». – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...