Шығыс Қазақстанда иппотерапияға барлық аймақтардан балаларды қабылдауға дайын
Шығыс Қазақстанда қыста иппотерапиямен айналысатын жылытылған арена пайда болды. Өскемен іргесіндегі Винный ауылында ерекше балаларға арналған ат спорты мектебі кеңейтілді.
Денсаулық сақтау мекемесі 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеуде атпен жүру арқылы оңалтумен айналысатын алғашқы иппотерапия орталығы болды. Кешеннің негізін қалаушы Елена Черникованың әдістемелік әзірлемелерінің арқасында 2020 жылы әлемде алғаш рет дәл біздің елімізде иппотерапиямен қалай дұрыс айналысу керектігі туралы мемлекеттік стандарт бекітілді. Бүгінде орталықта сертификатталған 23 жаттықтырушы жұмыс істейді.
Елена Черникованың өзі 2022 жылы ауыр аурудан қайтыс болған. Бірақ оның жұмысы әлі де пайдасын тиігізіп келеді. Жаңа қысқы манеж енді Елена Черникованың есімімен аталады. Жас пациенттер жыл бойы жаттыға алады.
– Бұл көптен күткен оқиға. Енді мүмкіндігі шектеулі балалар қыс мезгілінде өз жаттығуларын тоқтатпайтын болады, яғни сауықтыру шаралары тиімдірек болады. Манеж жылы және ыңғайлы. Облыс билігі енді оны облыстың ерекше балалары үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін ашу міндетін қойып отыр, деп атап өтті мүгедектігі бар азаматтар істері жөніндегі жұмыс сарапшы тобының өкілі Ольга Кузовлева.
Қазіргі таңда Иппотерапия орталығында 128 бала оңалтудан өтуде. Сабақтар облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы төленеді. Биыл бұл қызметтерге 102 миллион теңге бөлінген. Осындай тағы бір манеж Зайсан ауданында жұмыс істейді.
Шығыс қазақстандық жаттықтырушылар тәжірибесін Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағандыда қалаларындағы әріптестері де үйренуде.
– С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесе отырып, арнайы бағдарлама әзірледік. Емдік атпен жүру және бейімді ат спортының нұсқаушыларын дайындау курсы да бар. Алдағы уақытта біз бүкіл Қазақстан бойынша оқыту жүргіземіз. Біз өз қарсыластарымызды өсіргіміз келеді. Әзірге біз осы спорт түрінен паралимпиадашыларды дайындайтын жалғыз орталықпыз», — дейді ШҚО ат спорты федерациясының басшысы Екатерина Руденко.
Қазіргі таңда Қазақстанның Паралимпиадалық ұлттық құрамасының құрамында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ғана бар.