Сараптама 50 мен 70 жас аралығындағы ер адамдарға жүргізілетін болады.
Қазақстанда жаңа скринингтік зерттеу басталады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
«Жіті цереброваскулярлық бұзылулар мен миокард инфарктісін азайту үшін келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтар үшін амбулаторлық коронарлық ангиография және брахиоцефальды тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі (мидың қанмен қанығуына жауапты негізгі тамырлар) енгізіледі», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Тексеруді 50 жастан 70 жасқа дейінгі ер адамдар екі жылда бір рет өткізеді.
Сондай-ақ Әлназарованың айтуынша, елімізде 2025 жылдан бастап созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуын ерте анықтау және алдын алу үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізіледі.