Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары арбадағы теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді
Қазақстан құрамасы Билли Жан Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Корея Республикасының теннисшілеріне қарсы өтетін алдағы ойынға дайындықты жалғастыруда. Матчтар 16-17 қарашада елордадағы Beeline Arena жабық кортында өтеді.
Қазақстан теннис федерациясы шеберлік сыныбын ұйымдастырып, оған Юлия Путинцева, Анна Данилина, Зарина Дияс, Соня Жиенбаева және Сандуғаш Кенжібаева қатысты. Елена Рыбакина рейстің кешігуіне және Астанаға кеш келуіне байланысты шараға қатыса алмады.
Әрбір мүгедектік арбасындағы теннисші өзінің сүйікті ұлттық құрама ойыншысымен жеке жаттығып, ойын техникасы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Тренингтен кейін қолтаңбалар беріліп, фотосессиялар өткізілді.
Ұлттық құрама ойыншылары арбадағы спортшыларға қоштасу сөздерін айтып, нұсқаулар берді. Осындай іс-шаралардың арқасында қазақстандықтарды мүгедектік арбасындағы жандарды тенниске тарту деңгейі жоғарылап келеді.