Денсаулық сақтау саласындағы озық жаңалықтардың қатарында қазақстандық экзоскелет бар. Бұл инсульттан кейінгі оңалту және церебральды сал ауруын емдеуге арналған инновациялық шешім.
Стартап шығаратын құрылғылар ең өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта экзоскелет арнайы техникалық сынақтардан өтіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша өнім Қазақстанда медициналық құрал ретінде тіркеледі. Тіркеуден өткеннен кейін науқастарды оңалтатын ауруханалар мен емханалар оған тапсырыс бере алады деп жоспарлануда.
Шыңғыс Дәулетбаев, стартап директоры:
— Жаяу жүрудің жақсарғанын көрдік, олардың жағдайын сәл де болса жақсарта алдық. Мен үшін маңыздысы, біз Қазақстанда мұндай құрылғыны шетелдік аналогтарға артық төлемей өзіміз жасап, халыққа қажетті ем-дом жасай аламыз. Мен ғылыми мақсаттағы гранттық бағдарламалардың көбеюін байқаймын. Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, менің ойымша, болашақта медицинада ғана емес, басқа салаларда да инновациялық, озық шешімдерді генерациялай алатын ғылыми ортаны құруға үлкен көмек береді.