2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы 8,5 пайызға өседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны, зейнетақыны, сондай-ақ айлық есептік көрсеткішті белгілейтін республикалық бюджетке қол қойды.
Заңға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
ең төменгі жалақы 85 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 62 771 теңге;
айлық есептік көрсеткіш – 3932 теңге;
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы – 46 228 теңге.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% — ға арттыруды ескере отырып көзделген.