Now Reading
Қызылордада 500-ден астам отбасы көптен күткен баспанаға ие болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылордада 500-ден астам отбасы көптен күткен баспанаға ие болды

Қызылордада 500-ден астам отбасы көптен күткен баспанаға ие болды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау рәсіміне қатысты.

Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй кезегін көптен күткен отбасыларға арналған жеті қабатты алты үй пайдалануға берілді.

– Халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүруге жайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің аса маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! – деді Премьер-Министрдің орынбасары жаңа қоныстанушыларды құттықтап.

Олардың қатарында бес жыл бойы кезек күткен көп балалы ана Әсия Есенбекова да болды.

— Бүгін біз 3 бөлмелі пәтердің кілтін алдық. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен бақыт. Қолдауларыңызға рахмет», — деп өз эмоцияларымен бөлісті.

0
Tags :
No More Posts