Астана қаласының «Көп балалы отбасылар» және «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламаның нәтижелері келесі тізімде бойынша жарияланады:
«Көп балалы отбасылар» санаты:
— Өткен;
— Өткен емес.
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санаты»:
— бағдарламаға өткендер;
— бағдарламаға өптегендер.
«Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты:
— бағдарламаға өткендер;
— бағдарламаға өптегендер.
Бағдарламаға өткен азаматтарға Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі жасалынатын шаралар туралы хабарлайды.
«Алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты өте сақ болу керек. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалу кезінде ешқашан несиені, берешекті қайтаруды немесе тұрғын үй беру шотының бұғатталуын алып тастауды сұрамайды», — делінген орталық хабарламасында.