Now Reading
Жас елордалықтар сыйлықтарға ие болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жас елордалықтар сыйлықтарға ие болды

Жас елордалықтар сыйлықтарға ие болды

Биыл «Тілек ағашы» акциясы аясында Қазақстан Президентінің атына еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген хаттар түсті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Шараның басты мақсаты – балаларға қолдау көрсету, оларға қуаныш сыйлау.

Астанада акция аясында дәстүрлі «Жақсылық шыршасы» қайырымдылық акциялары өтуде.

Қазақстан Президентінің атынан сыйлықтарды елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев пен Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тапсырды. Шара барысында бес жас елордалықтың армандары орындалды. Бұл аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін және онкологиялық ауруға шалдыққан балалар. Балаларға велосипед, Алиса смарт динамигі, велосипед жолы, маникюр жинағы, спорттық костюм, үстел және орындық сыйлыққа берілді.

«Президенттік сыйлық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді!

Балалардың барлық армандары орындалсын!», — деді Мемлекет басшысының атынан сыйлық алған 15 жастағы Милана Панкова.

Астанада игі шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, елорда мәслихатының депутаттары, белгілі спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, балаларды сыйлықтармен қуантты.

Елордада аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларынан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін және онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастардан Жаңа жылға тілек білдірген 1000-нан астам хат келді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×