Жамбыл облысында инватаксилерінің жұмысындағы заң бұзушылықтар анықталды
Жамбыл облысында прокурорлар мүгедектігі бар азаматтарға арналған такси қызметінің кестені бұза отырып жұмыс істегенін анықтады.
Аудан әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарды тек жұмыс күндері және жұмыс уақытында тасымалдауға келісім-шарт жасап, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын бұзған.
Қадағалау органының араласуымен заң бұзушылықтар жойылды. Арманжан Әбдібеков, Жамбыл аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
— Прокурорлық қадағалау актісі қорытындысы бойынша аталған заң бұзушылықтар жойылды. Инватаксидің жұмыс режимі сәйкестендірілді. Енді ол демалыс және мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
0