
Елордадағы «Жетісу» саябағында 4 шілде күні қалалық «Qala Fest» фестивалі өтеді. Бұл – заманауи мәдениетті, экологиялық бастамаларды және кітап оқуға деген сүйіспеншілікті біріктіретін ашық алаң, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль Астана күніне орайластырылған. Оның бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрады.
Сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін кітап жәрмеңкесі мен кітап алмасу өтеді. Әр адам өз кітаптарын алып келіп, басқа қатысушылармен алмастыра алады. Сонымен қатар, «Эко алмасу» атты экологиялық аймақ жұмыс істейді — пластикалық бөтелкелерді тапсырған қатысушылар пайдалы экосыйлықтар алады.
Сағат 19:00-де қазақстандық танымал орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама басталады. Жанды музыка, мерекелік сахна және бірлік атмосферасы қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлайды.