Now Reading
Ғалымдар алғаш рет электрондық имплант арқылы зағип жандарға көру қабілетін қайтарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ғалымдар алғаш рет электрондық имплант арқылы зағип жандарға көру қабілетін қайтарды

Ғалымдар алғаш рет электрондық имплант арқылы зағип жандарға көру қабілетін қайтарды

Ғалымдар алғаш рет электрондық имплант арқылы зағип жандарға көру қабілетін қайтарды

Осы уақытқа дейін жасқа байланысты макулодистрофияны емдеу әдісі болған жоқ.

Құрғақ түріндегі жасқа байланысты макулодистрофия диагнозы қойылған науқастар Prima электрондық импланты орнатылғаннан кейін қайтадан әріптер мен сөздерді оқи алған. Бұл туралы Лондонда орналасқан Moorfields Eye Hospital дәрігерлері халықаралық клиникалық зерттеу нәтижелерінен кейін хабарлады.

 

Адам шашының қалыңдығының жартысына тең имплант торқабықтың астына енгізіледі, ота екі сағаттан аз уақыт ішінде өтеді. Оны Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Нидерланд елдерінен 38 науқаста сынақтан өткізген. Зерттеу қатысушыларының барлығы бұрын құрғақ түрдегі жасқа байланысты макулодистрофия диагнозының асқынған сатысы – географиялық атрофия салдарынан орталық көру қабілетін толық жоғалтқан.

 

Клиника деректеріне сүйенсек, имплант орнатылған науқастардың 84%-ы оңалтудан кейін қайтадан әріптер мен сандарды көріп, сөздерді оқи алған – мұндай нәтижеге бұрын ешбір жасанды көру құрылғысы қол жеткізе алмаған. Науқастарға қосымша бейнекамерасы бар AR-көзілдірік және белдікке тағылатын шағын компьютер беріледі. Бұл құрылғы алынған бейнені өңдеп, инфрақызыл сигнал түрінде импланттағы чипке жібереді. Сөйтіп торқабықтың сақталған жасушалары мен көру жүйкесі белсендіріліп, көру процесі қалпына келеді.

 

«Бұл — жасанды көру тарихындағы жаңа дәуір. Алғаш рет көру қабілетін жоғалтқан науқастар орталық көруін мәнді түрде қалпына келтіре алады», — деді хирург Махи Мукит.

 

Құрғақ түріндегі жасқа байланысты макулодистрофия — 50 жастан асқан адамдар арасында көру қабілетін жоғалтудың негізгі себептерінің бірі. Бұған дейін бұл аурудың емі болмаған.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×