2026 жылдың басынан бері платформада 495,7 мың бос жұмыс орны мен 609,3 мың түйіндеме жарияланды. 2026 жылдың мамыр айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 86,7 мың бос жұмыс орнын орналастырса, жұмыс іздеушілер 91,6 мың түйіндеме жариялаған.
Салалар бойынша сұраныста білім беру саласы көш бастап тұр – 14 мың бос жұмыс орны. Сонымен қатар өзге қызмет түрлерін көрсету секторында (12,5 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында (8,6 мың), құрылыс саласында (8 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (7,5 мың), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) мамандарға сұраныс жоғары болып отыр.
Өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындарының ең көп саны Астана қаласында (8,3 мың), Павлодар облысында (5,5 мың), Алматы қаласында (5,2 мың), Түркістан облысында (5,1 мың) және Атырау облысында (5 мың) тіркелді.
Біліктілік деңгейі бойынша сұраныс құрылымында орта деңгейлі мамандарға арналған бос жұмыс орындары басым – барлық ұсыныстың шамамен 43%-ын құрайды. Төмен біліктілікті қызметтерге 31% тиесілі болса, жоғары білікті мамандарға қажеттілік 26% вакансияда көрсетілген.
Жұмыс күшінің ұсынысы жағынан мамыр айында 91,6 мың түйіндеме жарияланды. Жұмыс іздеушілердің ішінде 35 жасқа дейінгі азаматтар басым – барлық түйіндеменің 41%-ы. 35–44 жас аралығындағы үміткерлердің үлесі 28%, 45–54 жас аралығындағылар – 20%, ал 55 жастан асқандар – 11%.
Гендерлік құрам бойынша түйіндемелердің 52%-ын әйелдер, 48%-ын ерлер ұсынған.
Біліктілік деңгейіне қарай еңбек ұсынысының құрылымы жалпы алғанда сұраныс құрылымына сәйкес келеді: түйіндемелердің 40%-ы орта деңгейлі мамандарға, 31%-ы жоғары білікті мамандарға, ал 29%-ы төмен білікті жұмыс іздеушілерге тиесілі.
Мамыр айында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс бастығының орынбасары (шамамен 1,45 млн теңге), ақпаратты қорғау жөніндегі инженер (шамамен 1,23 млн теңге) және бас дәнекерлеуші (шамамен 1,24 млн теңге) бар.
Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер қатарында кеме капитаны лауазымына үміткерлер (шамамен 8,7 млн теңге), басшының орынбасары (шамамен 3,7 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 2,8 млн теңге) тіркелді.