Астанада Паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдынында экологиялық акция өтті

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдынының аумағында экологиялық акция өтті.
Аталған спорт нысандары әлеуметтік маңызы бар мекемелердің қатарына жатады. Мұнда күн сайын ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына, оңалтудан өтуіне және белсенді өмір салтын ұстануына қажетті жағдайлар жасалады.
Экологиялық акция барысында «Паралимпиадалық жаттығу орталығы» қоғамдық қорының қызметкерлері аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Спорт нысандарына іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді.
Мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қаланы абаттандыруға бағытталған.