Now Reading
Қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесі зақымдалған буын тіндерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесі зақымдалған буын тіндерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді

Қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесі зақымдалған буын тіндерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді

Қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесі зақымдалған буын тіндерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді

 

 

 

Қазақстанда зақымдалған шеміршек және сүйек тіндерін қалпына келтірудің жаңа технологиялары әзірленуде. Осындай әзірлемелердің бірі – Ұлттық биотехнология орталығы академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығымен бірлесіп әзірлеген инъекциялық биокомпозиттік гидрогель. Ол зақымдалған аймаққа енгізіліп, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасайды. Оның құрамында науқастың өз мезенхималық дің жасушалары мен өсу факторлары бар.

 

Академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТО дәрігер-травматолог-ортопеді Меруерт Махметованың әзірлемесі тобық буынының асықты жілік сүйегіндегі остеохондралды ақауларды хирургиялық емдеуде жоғары перспективалылығын көрсетті. «Батпенов оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жас ғалымның жұмысы бірінші орынға ие болды.

 

Жас ғалымдар байқауы 10–11 қыркүйекте Астанада өткен және академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына арналған «Пәнаралық травматология және ортопедия: диагностикадан оңалтуға дейін» XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ұйымдастырылды.

 

Биыл конференцияға Қазақстан өңірлері мен шетелдерден 850-ден астам қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында 190-нан астам баяндама, бес көрсетілімдік ота және екі спутниктік симпозиум ұйымдастырылды.

 

Екі күн бойы сараптамалық пікірталастар мен тақырыптық секциялар жұмыс істеді. Жаңа бағыттардың қатарында тізе буынын роботтың көмегімен эндопротездеу, күрделі ревизиялық эндопротездеу, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығы мен Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының қатысуымен арнайы отырыс болды. Жекелеген секциялар балалар ортопедиясына, вертебрологияға, сүйек ісіктерін емдеуге, дене шынықтыру арқылы оңалтуға және мейіргер ісінің заманауи аспектілеріне арналды. Сонымен қатар медициналық жабдықтар мен технологиялар көрмесі өтті.

 

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының мамандарын көп жылғы еңбегі және саланы дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін марапаттады.

 

«Еңбек ардагері» медалімен Рамазанов Жанатай Көлбайұлы мен Гусейнов Вахид Забеир-оглы марапатталды.

 

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Калиев Нұрлан Ислямұлы, Дьяков Сергей Сергеевич, Жанаспаева Анаргүл Идрисқызы, Бекенаева Марзия Ғабдылқаққызы, Айтбагина Наталья Николаевна, Кобешова Жанар Мұратқызы, Ким Лариса Владимировна және Долгиева Тамила Ахметқызы марапатталды.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×