Now Reading
Ақтөбеде мүгедектігі бар жандар мен балалардан әкімдік берген пәтерлер тартып алынуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбеде мүгедектігі бар жандар мен балалардан әкімдік берген пәтерлер тартып алынуда

Ақтөбеде мүгедектігі бар жандар мен балалардан әкімдік берген пәтерлер тартып алынуда

Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар жандар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар бір айдан соң  баспанасыз қалуы мүмкін. Олардың барлығы билік осыдан үш жыл бұрын берген уакытша тұрғын үйден шығарылуда. Мәселенің шешімі аталмыш пәтерлерді банктерден сатып алу, бірақ бұл отбасыларда мұндай көлемде қаражат жоқ. 

Гүлдәурен Құсайынова – билік осыдан үш жыл бұрын уакытша тұрғын үй беріп көмектескен жандардың бірі. Шенеуніктер көмекке зәру отбасыларын құрылысы аяқталмаған жеті қабатты үйге қоныстандырып, бірақ көшер алдында үйге сотпен тыйым салынғаны, тек уақытша тұруға болатыны туралы ескерткен болатын. Бүгінгі таңда үйге сотпен салынған тыйым алынып тасталып, банк тұрып жатқан отбасыларға пәтерлерді сатып алуды немесе 25 мамырға дейін қөшу туралы туралы ескерткен.    

«Бос тұрған пәтерлер сатылып үлгерді, енді олар біз тұратын пәтерлерді сата бастайды. Тұрғындар арасында жалғызбасты аналар, үш балалы жалғызбасты әке, мүгедектігі бар жандар бар. Бүгінгі таңда біздің баспана сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ, 25 мамырда біз пәтерлерімізді босатуымыз керек», — дейді  Гүлдәурен Құсайынова.

Үйде тек электр және жылу жүйесі қосылған. Сотпен салынған тыйымға байланысты нысан пайдалануға берілмеген. Әкімдік халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдарға жарамсыз баспана қалай берілді деген сұраққа жауап бере алмаған.

«Бүгінде бұл пәтерлердің иесі банк болып табылады. Бастапқыд алған ақпаратқа сәйкес, банк бұл пәтерлерді несие арқылы беру нұсқасын қарастырды, бірақ бүгінде бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр», — дейді Ақтөбе қаласы Сәулет бөлімінің басшысы Сұлтан Аманшин.

Шенеуніктер ұсынған жалғыз шешім – осы пәтерлерді тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламасы арқылы ипотекаға рәсімдеп алу. Бұл пәтерлердің құны 4 миллион теңгеден басталады, ал жеңілдікті несиені де кез келген адам көтере алмайтыны анық. Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін пәтерлерді  тұрғындар ұзақ күтуге мәжбүр болады. Ақтөбе қаласында бағдарлама бойынша 20 мыңнан астам адам кезекте тұр. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×