Now Reading
Церебральды сал ауруына шалдыққан ағайындылар электр техникасын жөндеу бизнесін ашқан
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Церебральды сал ауруына шалдыққан ағайындылар электр техникасын жөндеу бизнесін ашқан

Церебральды сал ауруына шалдыққан ағайындылар электр техникасын жөндеу бизнесін ашқан

Церебральды сал ауруына шалдыққан іскер ағайынды жігеттер үшін жұмысқа барар жол нағыз Эверестті бағындыруға айналған. 

Кеңсеге жету үшін арбаға таңылғандар жертөле қабатына тік баспалдақпен түсулері керек. Бірақ соған қарамастан ағайындылар 6 шаршы метр жерде өз бизнестерін аша алды — олар электронды техниканы жөндейді. 

Ильнар Айтняковқа компьютерді жөндеу өте оңай. Ол бала кезінен техникамен айналысып келеді. Ал бүгінде бұл кәсіптік дағдылар нәпақа табуға көмектесіп отыр. Церебральды сал ауруына шалдыққан кәсіпкер әйелі мен екі кішкентай қызы ештеңеге мұқтаж болмас үшін бәрін жасауға тырысады.

Ильнар Айтняков, кәсіпкер: 

— Мен Павлодар қаласында осы іспен айналысып бастадым, туыстарымның техникасын жөндедім, үйде отырып жөндейтін ем. Көп тапсырыс болмайтын. Нағыз жұмыс осы жерде басталды. Мен әрқашан өз ісіммен айналысуды армандайтын едім. 

Ильнар ағасы Ильдармен бірге 2018 жылы кәсіп ашты. Бастау оңай болған жоқ, дейді IT маманы, мүлдем клиенттер болмады, орналасқан жеріміз де аса тиімді болмады.  Мүгедектігі бар адамдар үшін мүлдем жарамсыз үй-жайлар болды. Бес жыл өтсе де, үй-жай мәселесі әлі шешілген жоқ. Оған қоса, 6 шаршы метрге кәсіпті кеңейту мүмкін емес дейді кәсіпкерлер. 

Ильдар Айтняков, кәсіпкер:

 – Қолжетімділік болуы үшін, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалуы керек, арнайы арбаға таңылғандар үшін қолжетімділік болуы керек, мүгедектігі бар азаматтарды  жұмысқа алатындай жағдай болса дейміз. Бірақ қай жерге қабылдаймыз? Қыста қол жетімді болатын жер керек. Мүгедектігі бар арбадағы адамдар қауіпсіз кіріп шыға алатындай жеке кіреберісі бар орын болса екен дейміз. 

Бірақ әзірге ағайынды Ильнар мен Ильдар үшін жұмыс орнына апаратын жол Эверестті бағындырумен бірдей болып қала бермек. 

Ильнар Айтняков, кәсіпкер:

 – Бәлкім, армандарымыз орындалып, ыңғайлы жұмыс істеуіміз үшін үй-жай мәселесінде  көмектесетін шығар. Өзімнің алға қойған мақсаттарыма ең болмағанда жыл соңына дейін жетсем екен ниетім бар. 

Ауыр диагнозға қарамастан, кәсіпкер ағайындыларға өз ісін бастауға көмектескен басты қағида — өз өміріне жауапты болу. Олар кедергілер өздерін тек шыңдады дейді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×