Сонымен бірге Жапонияға келгенге дейін және елде болған кезде санитарлық нормалар сақталып, COVID-19 анықтау үшін бірнеше рет жүргізілген сынақтар тапсыру қажет.
Жапония үкіметі Токиодағы жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысатын шетелдік спортшыларға қатаң санитарлық шараларды ескере отырып, елге келген алғашқы күні дайындықтарын бастауға рұқсат беруді ұсынады. Бұл туралы жексенбіде Yomiuri газеті хабарлады.
Басылым мәлімдеуінше, спортшылар мен бірге еріп жүретін адамдар, оның ішінде жаттықтырушылар мен көмекшілер коронавирустық сынақты өз елінде ұшып шығар алдында 96 сағат ішінде екі рет тапсыруы керек. Жапонияға келгеннен кейін спортшылар тағы бір сынақ тапсырады, содан кейін олар келесі үш күнде күнделікті сынақ тапсырады. Содан кейін бірге еріп жүретін адамдар күнделікті тест тапсыруды жалғастырады, ал спортшылар қажет болған жағдайда осы үдеріс қайталанады.
«Келген шетелдіктерге тек тұрғылықты жерінде, жаттығу залы мен спорт ғимараттарында болуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ спортшылар өз денсаулықтары туралы арнайы мобильді қосымшаның көмегімен есеп беріп тұруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда 14 күндік карантинге жатқызылады, сондай-ақ жарыстарға қатысуға тыйым салынады», — деп жазады газет.
Жапония үкіметі 28 сәуірде өз бастамасын Токио билігінің, «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Халықаралық паролимпиада комитетінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу барысында келіседі.
Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегерілді, олар 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтеді. 20 наурызда ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады. Жапон көрермендерінің спорт алаңдарында болуын шектеу туралы мәселе кейінірек қарастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес Қазақстан ұлттық құрама командалары Олимпиаданың 20 түрінен 48 лицензия жеңіп алды. 19 жеке спорт түрінен және бір ойын, су полосынан стартқа 57 спортшы қатысады. Ойындардың болашақ қатысушылары арасында Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландин бар.
Источник: inform бюро