Мұндай шешім КВИ-дің таралуын болдырмау жедел штабының кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлады Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Қостанай облысының әкімі КВИ таралуын болдырмау бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Штаб отырысы барысында Қарабалық және Сарыкөл облыстары әкімдерінің жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, бақылау топтарының жұмысы да қаралды.
«Сонымен, мониторингтік топтар 1 мамыр мен 6 маусым аралығында 1518 рейд жүргізіп, карантиндік шараларды бұзудың 86 дерегін анықтады. Халықты вакцинациялауға келетін болсақ, бүгінде облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 120 мың дозасы және екінші компонентінің 71 мың дозасы жеткізілді. Барлығы 6 маусымдағы жағдай бойынша 90207 адам вакцинацияланды, оның ішінде 43 081 адам екінші компонентпен егілді», — деп жазды аймақ басшысы.
Сондай-ақ бүгінде аймақтағы Ashyq жобасына қатысу үшін 425 өтінім түскені айтылды. «Сонымен қатар, барлық ұсыныстарды қарастыра отырып, штаб 14 маусымнан бастап келесідей жеңілдіктер енгізу туралы шешім қабылдады: санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың барлығын сақтай отырып, сыйымдылығы 25 адамнан аспайтын және тамақтанбайтын мектеп лагерлерін (ойын алаңдарын) ашуға рұқсат беру», деді Мұхамбетов.