Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында құтқарушылар саябағы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында құтқарушылар саябағы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында құтқарушылар саябағы ашылды

 

Нұр-Сұлтан қаласында елорда күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құтқарушылар саябағы ашылды, — деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құткарушылар саябағының аумағы балалар мен ересектерге арналған екі аймаққа бөлінген, экстремалды спорт тақырыбында оның ішінде кедергілер алаңы, әр түрлі жас санаттарына арналған паркур ойын алаңы бар екендігі хабарланады.

Сондай-ақ қалалықтар үшін тыныш демалыс аймағы, азаматтық қорғаныс қызметінің құрмет тақтасы орнатылды, көпір жағына Public art салынған. Сондай-ақ саябақта 1964 жылы шығарылған AC-30 MAZ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылды. Бұл көлік Елбасы туралы фильмде көрсетілген.

Құтқарушылар саябағы Янушкевич пен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ — жұмыстары әрдайым ерлік болып саналатын өрт сөндірушілер-құтқарушылар, сонымен қатар қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлер құрметіне ашылған.

«Саябақ аумағында 150-ге жуық ағаш отырғызылды. Аумақ әлі де жақсартылып, толықтырылады. Біз үшін азаматтардың бос уақытын денсаулыққа пайдалы пайдалана алатын орындар құру маңызды. Биыл біз 150 аула мен 40 қоғамдық орын ашу жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда саябақтар, алаңдар барлығы 70-ке жуық аулалар мен қоғамдық орындар қолдануға тапсырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударамыз», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында 76 гектар аумақ абаттандырылды. Бұл 150 аула және 60 қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар, бульварлар).

Құткарушылар саябағының ашылу салтанатына елорда әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар департаментінің астаналық гарнизонының басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батырлардың туыстары қатысты.

Өткен жылы көпір астындағы алаң (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) абаттандырылған болатын. Ол жерде скейт корты, баскетбол алаңы, жаттығу алаңдары және т.б жабдықталған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×