Now Reading
Оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан болады деген қауесетті Білім министрлігі жоққа шығарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан болады деген қауесетті Білім министрлігі жоққа шығарды

Оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан болады деген қауесетті Білім министрлігі жоққа шығарды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Telegram желісіндегі ресми каналы жаңа оқу жылын қашықтықтан бастау туралы шешім қабылданды деген ақпараттың теріс екендігін хабарлады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтағы форматта басталады деген хабарды таратуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте айтты делінген аталмыш хабарда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ», — делінген хабарламада.

Оқытудың форматы туралы шешімді Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және облыстардың бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды, деп қосты Білім және ғылым министрлігі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...