Қазақстан тарихында тұңғыш рет паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина Токиода өткен Паралимпиада — 2020 ойындарында еркін стильде (S4) 50 метрге жүзуден жарыстардың финалына шықты.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 44,57 секундта өтіп, жүзуде төртінші орынға ие болды. Бұл нәтиже оған финалистердің қатарына кіруге мүмкіндік берді.
Финал бүгін, 2 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан уақытымен 16.38-де өтеді.
Еске сала кетейік, Ғабидуллина Паралимпиада — 2016 және Паразиадалық ойындар-2018 ойындарында еркін стильде жүз метрден алтын жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, қазақстандық Бибарыс Спатай Паралимпиада-2020-да 200 метр (KL2) қашықтықта байдарокшылар жарысының жартылай финалына өтті. Жарыста ол алтыдан төртінші орынға ие болды және 1/2 финалға жолдама алды.
Жартылай финал ойындары ертең, 3 қыркүйекте өтеді.
Еске сала кетейік, кеше, 1 қыркүйек күні жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада-2020-да қола жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл медаль Паралимпиада ойындарында Қазақстан үшін бесінші медаль болды. Бұған дейін Алтынды Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) жеңіп алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина екінші орынға ие болды.