Елордада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы шығарылды.
17.11.2021 – 24.11.2021 аралығында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын іске асырудың нәтижелері 180 пәтер (1,2,3- бөлмелі пәтерлер) zhilfond.kz сайтында жарияланған болатын.
«Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатындағы екі тізім:
— пәтер алатындар (16.07.2009 ж. дейін тізімде тұрғандар);
Пәтерлер шаршы метрлерінің отбасы құрамы мен кезекке тұру мерзіміне қарай бөлінуі:
1 бөлмелі пәтер 02.04.2009 дейін кезекке тұрған отбасылар;
2 бөлмелі пәтер 2009 жылдың 16 шілдесіне дейін кезекте тұрған отбасылар;
3 бөлмелі пәтер 25.09.2007 жылға дейін кезекте тұрған отбасылар.
— пәтер алу тізіміне ілікпегендер.
«Жетімдер» санатындағы екі тізім:
— пәтер алу тізіміне іліккендер (04.11.2013ж. дейін кезекке тұрғандар);
Пәтерлер шаршы метрлерінің отбасы құрамы мен кезекке тұру мерзіміне қарай бөлінуі:
1 бөлмелі пәтер 08.07.2010 дейін кезекте тұрған отбасылар;
2 бөлмелі пәтерлер 11.04.2013 дейін кезекте тұрған отбасылар;
3 бөлмелі пәтер 12.04.2011 дейін кезекте тұрған отбасылар.
— пәтер алу тізіміне ілікпегендер.