Қазақстандық оқушылар күндізгі оқуға көшетіні белгілі болды. Ақпарат Білім және ғылым министрлігінде жарияланды.
«Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептерді толыққанды офлайн-оқыту форматына көшіру туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді»,-деді Білім және ғылым министрлігі Баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтардан бастап 600-ге жуық оқушы толыққанды офлайн оқуға көшті. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен жүктемесі жобалық қуаттың 50 пайызынан аспайтын 1-4 сынып оқушылары үшін жүргізілді.
5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың балаларды дәстүрлі форматта оқыту ниетін ескеру ұсынылды.