Сингапурдағы банкке 65,32 млрд теңгеге салым орналастырылды.
Шілде айында БЖЗҚ зейнетақы активтері 364,9 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланды. Қағаздардың орташа алынған табыстылығы жылдық 13,84% құрады.
БЖЗҚ портфеліндегі қаржы Министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі-43,94%.
Сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша табыстылықты қолдау үшін қаражат ҚР Ұлттық Банкінің депозиттеріне инвестицияланды. Мәмілелердің орташа көлемі жылдық 13,21% орташа алынған кірістілікпен 254,53 млрд теңгені құрады.
Валюталық портфельдің кірістілігін қолдау үшін Сингапур банкінде DBS Bank LTD доллармен номиналданған салым орналастырылды. Салым сомасы 65,32 млрд теңгені құрады, кірістілік – жылдық 2,66%, өтеу мерзімі – екі ай.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 519,54 млрд теңге көлемінде инвестициялық кіріс түсті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бастап 3,71% – ды, бір жыл ішінде 8,4% — ды құрады.