ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының жастарды жұмыспен қамту саласындағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.
«Біріншіден, бұл 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын цифрлық отбасы картасын пайдалана отырып, проактивті жұмыспен қамту қызметтерін көрсету. Сонымен қатар, жыл соңына дейін электронды еңбек биржасы (ЭЕБ) негізінде тоқсан сайынғы онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу, ЖОО мен колледждердің жұмыс істеп тұрған мансап орталықтарында электронды еңбек биржасың орнату, жыл соңына дейін электронды еңбек биржасы мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда», — деді Тамара Дүйсенова. деді үкімет отырысында.
Министр атап өткендей, электронды еңбек биржасы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің бас қосатын орнына айналуы тиіс.
Екіншіден, жыл сайын кемінде 100 000 жасты оқыту, жұмысқа орналастыру және өз ісін ашу үшін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарлануда.
Үшіншіден, ұлттық жобалар аясында ашылатын жұмыс орындарының жалпы санының 10 пайызын жастармен толтыруды ұсынып отырмыз. Бұл 50 мың жасты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, біз 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу аясында жастар үшін кем дегенде 10 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз», — деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың жұмыс күші артық өңірлерден еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныс аударғаны туралы хабарлаған болатын.