Now Reading
МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМДАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМДАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМДАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Атамекен» ҰКП жанындағы Мүгедектер ұйымдары – тауар өндірушілер, тауар, жұмыс және қызметтерді жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынға Палата қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер, сондай-ақ тағдырдың ауыр сынағына төтеп беріп, өз ісін ашқан тұлғалар қатысты. Жиылғандар Кеңестің мақсат-міндеттері мен алдағы жоспарларын талқылады, сонымен бірге, индустриялдық сертификат, мүгедектердің жұмыс орындарының стандарты сияқты күрмеулі мәселелерді ортаға салды.

Кеңес мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау, бәсекелестік орта қалыптастыру, қоғамның барлық саласында (қолжетімді орта, инклюзивті білім беру және т. б.) мүгедектер ұйымдарының кәсіпкерлігі мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді.

«Қараша айынан бастап біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қызмет көрсету және кәсіпкерлік қызметіне қатысты мәселелерді жан-жақты қарастырып, талдадық. Жасыратыны жоқ, көптеген мәселелер анықталды. Бірақ біз бұл мәселелерді жүйелеу үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздерін тыңдауымыз қажеттігін ескеруіміз керек. Сол себепті арнайы Кеңес құрылып отыр. Бұл сіздер мен біздердің ортақ мәмілеге келіп, мәселені жан-жақты қарастыратын алаңымыз болуға тиіс», — деді «Атамекен» ҰКП-ның Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Кеңес төрағалығы ҰКП-ның Басқарма төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Алмаз Ержанға тапсырылды. Оның айтуынша, Кеңестің алдағы жұмыстары мен жобалары жүйелі жүргізілу үшін азаматтардың белсенділік танытып, азаматтық позицияларын ашық білдіруі өте маңызды дейді. Өйткені, мүгедек жандардың қызмет барысынд кездесетін келеңсіздіктері оларға жақсы таныс. Бір жағынан Кеңестің алдағы жұмыстарына белсенділік таныту арқылы кедергісіз қоғам қалыптастырып, мүгедектердің кәсіпкерлік саласындағы мәселелерін реттеуге мүмкіндік туады.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды толғандыратын негізгі проблемаларды біздің өзіміз, яғни мүгедек жандар ғана түсінетіні анық. «Атамекен» ҰКП-ы қолдау білдіріп, ашық алаң құрап беріп отырғанда бұл мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек. Себебі, біз өзімізге не қажет екенін әрі түйткілдермен күн сайын бетпе-бет келіп жүргендіктен бірінші кезекте нені назарға алуымыз керек деген сыңайдағы сұрақтарға осы Кеңес арқылы, осындай басқосулар арқылы жауап іздейміз. Сонымен бірге, кәсіпкерлік саласында енгізілген кейбір нормаларға қатысты азаматтық позиция білдірмес бұрын, оны осы Кеңесте талқылап, талдап, алдымен өз-өзімізге түсіндіргеніміз жөн деп білемін. Жалпы, бұл алаңда біз ақылдасып, ойласып, бірауыздан шешім қабылдайтын боламыз. Соған барлықтарыңызды шақырамын», — деді Кеңес төрағасы.

Сонымен бірге, Алмаз Ержан бүгінгі таңда бірқатар проблемалық мәселелерді шешуді жауапты мекемелерден талап ететінін атап өтті. Айталық, мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының тізбесін қалыптастыру (бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген), арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде келеңсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік туса, мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орнының стандартын жаңарту арқылы негізсіз талаптарды жойып, құқықтық жағынан заңбұзушылықтарды болдырмауға болатын көрнеді. Сондай-ақ, мүгедек тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу де Кеңестің негізгі бағытының бірі болмақ. Ең бастысы, ресейліктердің тәжірбиесін негізге ала отырып, мүгедектерді жұмысқа орналаса алатын кәсіптер тізімін әзірлеу күн тәртібіне енгізілмек. Осындай мәселелерді жүйелеу арқылы ол мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласындағы келеңсіздіктерін шешуге болатынына сендірді.

Ал басқосу кезінде индустриялдық сертификат мәселесіне қатысты жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі салалық қауымдастықтарының төрағасы Қанат Ыбраев пен Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру одағының атқарушы директоры Наталья Кузнецова өз ойларын ортаға салды. Олар мүгедектер ұйымдарымен талқылау барысында әзірленген аталмыш сертификатты беру шеңберінде өлшемдердің жаңартылғанын қаперге салды.

Айта кетейік, «Нұр» әлеуметтік-еңбек саласындағы ұйымдар қауымдастығы нысанындағы ЗТБ төрағасының орынбасары Азат Бөкенбаев, «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу өндірістік кәсіпорны» мекемесінің басшысы Нұрлан Төкенов, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеров, БҚО «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» ҚБ директоры Біржан Қожақов және өзге де ұйымдар жетекшілері кеңес құрамына кірді.

 

 

Источник: Атамекен

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×