Now Reading
Қостанай облысындағы ұлттық жоспар: мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанай облысындағы ұлттық жоспар: мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту

Қостанай облысындағы ұлттық жоспар: мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту

Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 266 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны барлық санаттағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделді.

Қазақстанда 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар, Елбасының тапсырмасымен әзірленген «Аманат» партиясының Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы жүзеге асырылуда. 

Жоба Интерактивті қол жетімділік картасының веб-сайтында тізімге енген ел бойынша бейімдеуге арналған 35 мыңнан астам басым нысандарды анықтады. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 5 мың нысан бейімделуі керек (5 жылда 27 мың). Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2021-2022 жылдарды ескере отырып, 12 169 нысан бейімделді.

Қостанай облысында алдағы 5 жылда 1329 нысанды барлық санаттағы мүгедектігі бар азаматтараға бейімдеу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2023 жылы бейімдеуге жоспарланған 266 нысанның ішінде жергілікті атқарушы органдар барлық 266 нысанда бейімдеу шараларын жүргізді.

Осылайша облыста мүгедектігі бар азаматтардың барлық санаттары келесі нысандар қол жетімді:

— білім беру нысандары – 66 (мектептер, балабақшалар);

— мәдени нысандар – 2;

— спорт ғимараттары – 5;

— денсаулық сақтау нысандары – 23 (аудандық/қалалық ауруханалар, фельдшерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар).

— мемлекеттік мекемелер – 89 (қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);

— қызмет көрсету саласының объектілері – 81.

Бірінші топтағы мүгедек Илья Вираховскийдің айтуынша, өңірде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай айтарлықтай жақсарып, қажетті қолайлылықтар жасалуда.

  «Меншік иелері өз мүліктерін құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысуда. Көптеген кәсіпкерлер, тіпті мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіреберіс аумақтарын өзгертуде. Абай көшесіндегі №6 емханаға барғанымда денсаулық сақтау мекемесінің қолжетімділігі, есік ендерінің талаптарға сәйкестігі, ыңғайлы лифтінің бар екендігі мені таң қалдырды. Жақында «Халық банкі» филиалында да болдым, онда кіреберіс фойе қайта жөнделді, кіреберіс аумағы кеңейтілді, кіреберіс есіктері ауыстырылды, арбасына таңылған мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы касса, тактильді тақтайшалар мен белгілер орнатылды. Бұл қала тұрғындарының оның ішінде менің де ең көп баратын жерлерім», – дейді Илья Вираховский.

Сонымен қатар мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 122 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 32 жоспардан тыс тексеру, 49 профилактикалық бақылау шеңберінде және 41 тексеру прокуратураның сұранысы бойынша жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 70 ұйғарым шығарылып, 6 млн 614,2 мың теңгеге 41 әкімшілік айыппұл салынды.

Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде меншік иелеріне құқық бұзушылықтар бастапқы анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы ұйғарым ғана шығарылатынын атап өту қажет. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×