Now Reading
Қазақстандықтар жеке мәліметтерінің үйлердің кіреберістерінде таралып жатқандығы туралы шағымдануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтар жеке мәліметтерінің үйлердің кіреберістерінде таралып жатқандығы туралы шағымдануда

Қазақстандықтар жеке мәліметтерінің үйлердің кіреберістерінде таралып жатқандығы туралы шағымдануда

Қазақстандықтар жеке мәліметтерінің түрлі сайттар, мессенджерлер мен үйлердің кіреберістерінде таралып жатқандығы туралы жиі шағымданады, — деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов.
Азаматтар өздерінің жеке мәліметтерін ашық түрде тарататын коммерциялық интернет-ресусртарына жиі шағым жасайды, яғни адамдар интернеттегі іздеу жолына өзінің аты-жөнін енгізеді, жауап ретінде өзі туралы: ЖСН, туған жылы, күні, жері және бар болған жағдайда сот шешімдері де шығады екен. Осыған орай біздің тараптан көпшілікке қол жетімді ресуртарда, соның ішінде мемлекеттік органдар мен жеке меншік интернет-ресурстарда шамадан тыс жариялауларды шектеу шаралары қабылданған болатын. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетінде «Салық төлеушіні іздеу» қызметінің жұмысы реттелді, аты-жөнін енгізу барысында ЖСН ұсыну немесе керсінше тәртіпте ақпарат ұсыну қызметі реттелді. Қазіргі уақытта аталмыш қызмет тек ЖК мен заңды тұлғаларды іздеуді жүзеге асырады, — деп хабарлады Руслан Абдикаликов орталық коммуникациялар қызметтерінің брифингі барысында.

Заңсыз алынған жеке мәліметтерді таратқаны үшін екі жеке меншік интернет-ресурсына 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар азаматтар өздерінің жеке мәліметтерінің мессенджерлер чаттарында және ПИК өкілдерінің кіреберістерде тарататыны туралы да шағымдануда.
Тұрғын үй кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестіктері және коммуналдық қызметтер кіреберістерде борышкерлер тізімін жариялап, бұл тізімдерді чаттарда таратады. Көбіне бұл тізімдер жеке мәліметтерді қамтиды: аты-жөні, мекенжайы, пәтер иелерінің телефондары.
Мұндай мәліметтерді тарату артық шара болып табылады және бқл ақпарат қаскүнемдер қолына түскен жағдайда зиян келтіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін – деп атап өтті Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Төраға мәлімдеуінше, тұрғындардың жеке мәліметтерін WhatsApp мессенджері чаттарында заңсыз таратқаны үшін елордалық екі тұрғын үй кешенінің басқарушы ұйымдары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға да 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Сонымен қатар жеке мәліметтерді қандай да бір жолдармен заңсыз таратқан жеке тұлғаларға да шағымдар келіп түсуде.
Мәселен, лауазымды тұлғалар жеке мәліметтерді қамтитын құжаттарды қорғаныс шараларын сақтамай үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асырады, нәтижесінде жеке мәліметтердің таралуы орын алады, – деді Р.Абдикаликов.

Аталған әрекеттер үшін алты коммерциялық ұйымға 100 АЕК (291 700 теңге) көлемінде, мемлекеттік орган лауазымды тұлғасына 500 АЕК (1 458 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар жеке мәліметтерді көпшілікке қол жетімді көздерде заңсыз таратулар анықталып, ол таратулардың алды алынғанын хабарлады.

 

 

 

Источник: KazTAG

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×