Now Reading
«Астана Опера» ұжымы мұқтаж жандарға көмектесті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Астана Опера» ұжымы мұқтаж жандарға көмектесті

«Астана Опера» ұжымы мұқтаж жандарға көмектесті

«Астана Опера» ұжымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және елорда әкімдігімен бірлесе отырып қайырымдылық жобалары мен акцияларын жүзеге асырады. Театр еріктілері аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және жануарларға арналған баспаналарға үнемі көмек көрсетіп отырады деп хабарлайды «Астана Опера» баспасөз қызметі.

Жыл сайын «Астана Опера» театры Үлкен және Камералық залдарында ондаған қайырымдылық концерттерін береді. Қайырымдылық тек мұнымен шектелмейді. «Астана Опера» еріктілер тобы өз қамқорлығына бірқатар тұрмысы төмен отбасыларды, мүгедектігі бар жандарды, мүмкіндіктері шектеулі жандарды алды. Театр ұжымы көмекке мұқтаж қарттар мен жалғызбасты аналарға көмектесіп, балалар үйлерінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

«Жақыныңа бір тамшы жақсылық жасағаннан асқан әдемі сезім жоқ. Қиын жағдайға тап болған адамдардың қуанышты жүздерін көру — нағыз бақыт. Біздің мақсатымыз — бүкіл әлем үшін қиын уақытта қала тұрғындарына, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барлық жағынан көмек пен қолдау көрсету. Біз Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі басым бағыт ретінде таңдаған бағытта жұмыс істеп жатырмыз», — деді театр еріктілер қозғалысының жетекшісі, «Астана Опера» театры директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева.

Еріктілердің айтуынша адамдар көбіне азық-түлік пен дәрі-дәрмектер қажет деген өтінім білдіреді екен. Өткен айда театр ұжымы «Ковчег» жануарлар баспанасы мен StopOtlov еріктілер қозғалысына қайырымдылық акциясын ұйымдастырған.

«Үйсіз қалған жануарларға деген адамдардың мейірімділігі мен жауаптылығы құрметке лайық. Баспанаға келе отырып, біз көптеген ұйымдар мен қала тұрғындарының шын жүректен жануарларға қолдау көрсететінін байқаймыз, жануарларға деген қамқорлық өркениетті қоғамның өлшемі болып табылады. Біз барлық тұрғындарды көмекке мұқтаж жандарға бей-жай қарамауға шақырамыз», — деп жалғастырды Айжан Құрманғалиева.

Әртістер балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін театр ұйымдастыратын қайырымдылық жобаларына әрдайым қуанышпен қатысады. Биылғы жылдың басынан бастап «Астана Операға» қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының балалары, сондай-ақ «SOS Астана балалар ауылының» кішкентай көрермендері келді.

«Жоғары өнерді бағалайтын кішкентай көрермендерімізге әрдайым адамгершілік-эстетикалық тәрбие беретін және музыкалық классикаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке бағытталған қызықты бағдарламалар ұсынылады», — дейді әдеби-музыкалық департаменттің директоры Маржан Жәкенова.

Сонымен қатар «Астана Опера» ұжымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, пандемия жағдайында қиын кезеңдерде жұмыс істеген, қазақстандықтар өмірі үшін күресетін астаналық дәрігерлер үшін бірқатар қайырымдылық концерттерін ұйымдастырды.

«Біздің қызметіміз басқа ұйымдарға үлгі болады деп шын жүректен үміттенеміз, өйткені әрқайсысымыз мұқтаж жандарға таза ниеттерімізбен көмектессек, біз бірігеміз. Біз біргеміз», — деп қорытындылады театр еріктілері.

 

 

Источник: Елорда инфо

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×