Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының баспасыз қызметі алимент бойынша борышкер пәтерін баласының атына жазып бергенін хабарлайды.
2020 жылғы 19 наурызда А. есімді азаматтан жалақысының немесе өзге де табысының ¼ бөлігін К. есімді азаматша пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық өндіріс іске қосылған болатын. 2020 жылғы 1 шілдеде қарыз сомасы 3 406 648 теңгені құраған. Ағымдағы жылдың сәуір айында қарызды өтеу есебінде борышкер өндіріп алушы пайдасына Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Тәуелсіздік даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан бір бөлмелі пәтерін тапсырды, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.
Мадина Жанасаеваның айтуынша өтеп алушы ағымдағы алименттерден бас тартпаған, борышкер баланың кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеуін жалғастырады. Тағы бір іс бойынша алимент бойынша қарызын төлемегені үшін борышкерге шартты мерзім – бір жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған. «С. есімді борышкер 2018 жылғы 14 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында бола тұра, сонымен қатар С. есімді азаматша пайдасына кәмелетке толған баласы үшін алимент өндіру туралы Алматы аудандық сотының бұйрығы бар екендігін біле тұра, үш айдан артық мерзімде төлем төлеуге қауқарлы бола тұра, төлем төлеуге ешбір шара қолданбай төлем жөніндегі өз міндеттерін орындаудан қасақана бас тартқан. Осылайша, сот актілері Қазақстан Республикасы барлық азаматтары үшін міндетті болып табылатынын және толық көлемде бұлжытпай орындалуы тиіс екендігін біле тұра, ешбір тиісті шаралар қабылдамаған және сот орындаушысының сот актілерін міндетті түрде және тиісінше орындалуы қажет екендігі туралы жазбаша хабарламалары мен ескертулеріне тиісінше назар аудармаған, — деп атап өтті М. Жанасаева.
«2021 жылғы 15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі күшіне енген. Борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарылған, сонымен қатар борышкерге бас бостандығынан айырылған толық мерзім ішінде пробациялық бақылау тағайындалған. Сотталушыға келесі міндеттер жүктелген: тұрақты тұрғылықты орнын өзгертпеу, уәкілетті органды ескертусіз жұмыс орнын өзгертпеу; жұмыстан бос уақытта сағат кешкі 22.00-ден таңғы 06.00 аралығында тұрғылықты орнында болу, өзге жерлерге уәкілетті органды ескертусіз шықпауы тиіс» — деп қорытындылады сөзін М. Жанасаева.
Источник: Казинформ