Now Reading
Американдықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Американдықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде

Американдықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде

Ной 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Калифорниялық 22 жасар жігіт Қазақстаннан өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде.

Ной Сак Маршалл Қазақстанда дүниеге келген және екі жасында американдықтар асырап алған.  

«Сәлем! Менің есімім Ной (туғандағы аты-жөні Каримов Сұлтан Үмітұлы). Мен 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім және екі жарым жасар кезімде Алматы қаласының №2 балалар үйінен асырап алындым», — деп жазады өзі туралы Ной Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобында. 

 Бозбала анасының есімі Каримова Үміт Қалкенқызы, ал әкесі Каримов Үміт Сакенұлы болғанын жазады. 

Бірақ жігіт мұндай есімді әйелді Алматыдан таба алмаған. 

«Мен оларды таба алар емеспін, менің өзімнің шыққан тегім туралы көбірек білгім келеді. Он жыл бұрын орта мектепте мен көптеген тілдер үйрендім, оның ішінде орыс тілі де бар, ал қазір қазақ тілін үйренуге жеңіл болу үшін түрік тілін үйреніп жатырмын», -дейді Ной.  

Желі пайдаланушылары оның әке-шешесінің қоныс аударғаны туралы жазады. Мәселен, Ресейдің Омбы қаласында Каримова Үміт Қалкенқызы атты кәсіпкер тіркелген. Осы адамның Қазақстанның тумасы болуы әбден мүмкін деген болжамдар айтуда. 

 

 

 

 

 

 

Источник: liter.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...