Now Reading
Қазақстандықтар банк карталарындағы ақшаларын алаяқтардан қалай қорғай алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтар банк карталарындағы ақшаларын алаяқтардан қалай қорғай алады

Қазақстандықтар банк карталарындағы ақшаларын алаяқтардан қалай қорғай алады

 Банк картасы – ақшаны сақтау және пайдалану үшін өте қолайлы болып табылады. Бірақ кейбір жағдайларда картадағы қаражатты қорғап қалу мүмкін емес болып жатады.   

Заманауи банк карталарының көмегімен төлем жасау, ақшаны қолма-қол шығарып алу, мобильді қосымша көмегімен шығындар мен табыстарға есеп жүргізіп отыру өте жеңіл. Бірақ дәл осы қызметтер алаяқтарға банк картасынан ақша ұрлауға көмектеседі. Уақыт өте келе технологияның дамуымен қатар алаяқтар алдаудың түрлі жолдарын ойлап табуда. Картадағы қаражатты алаяқтардан қорғамайтын және бұл жайттарды болдырмау жолдары туралы ҚР Fingramot қаржылық нарықты реттуе және дамыту агенттігінің тұрғындар қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының мамандары айтып берді.  

Картаңыз уақытша бөтен адамдар қолына түсті 

Мәселен, дәмхана немесе супермаркеттерде төлем жасау үшін даяшыға немесе кассирге картаңызды бердіңіз, яғни сіздің картаңыз белгілі бір уақытқа бөтен адамның қолына түсті. Егер біршама уақыттан соң картаңыздан интернет-дүкендерден сауда жасалғаны үшін төлем ұсталынып қалып жатса, онда бөтен адамдардың қолына түскен кезде сіздің картаңыздағы жеке мәліметтердің көшірмесі жасалынып алынған. Себебі көптеген электронды сауда нүктелерінде, әсіресе шетелдік электронды дүкендерде төлем жасау үшін картада көрсетілген мәліметтер енгізілсе жеткілікті болып табылады. Қосымша SMS хабарлама немесе электронды пошта арқылы растау қарастырылмаған. Сонымен қатар алаяқтар өз құрылғылары мен электронды пошталарын карта мәліметтеріне тіркеп қоюлары мүмкін. Кейбір сайттар тіпті картаның сырт жағындағы үш санды кодты талап етпестен, тек карта нөмірін ғана көрсетуді талап етеді. 

 Егер картаңыздан ақша ұсталынып жатса, картаны мобильді қосымша немесе банктің call-орталығы арқылы бұғаттап тастау қажет. Сонымен қатар банкке соңғы операция ақшасын қайтару туралы өтініш жазу қажет. 

Төлем барысында терминал іске қосылмады

Мәселен, карта иесі өз тауары немесе қызметі үшін өз қолымен төлем төлейтін жағдайды қарастырып көрелік. Бірақ даяшы немесе кассир төлемнің жасалмағанын айтып кайтадан пин-код енгізуді немесе автоматты төлем жасау үшін картаны аппаратқа жақындатуды өтінеді. Бұл жағдайда аталмыш  әрекет алаяқтардың әрекеті емес, техникалық ақау болып картадан екі рет төлем жасалу мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайды болдырмас үшін чек немесе операциядан бас тарту туралы хабарлама талап ету қажет. Кез келген терминал мұндай ақпаратты беруі тиіс. Бірақ төлем екі рет жасалған болса, бұл жағдайда да банкке барып қаражатты қайтару туралы өтініш жазу қажет.  

Ұсталып қалған қаражат туралы ақпаратты SMS-хабарлама немесе мобильді банкинг арқылы тексеруге болады. Ол жерде барлық операциялар, соның ішінде сәтсіз болғандары да көрсетіледі.  

Алаяқтар  контактісіз төлем қызметін пайдаланды 

 Заманауи карталардың контактісіз төлем жасау жүйелері бар екені де белгілі – пин-код енгізбей картаны есептеу құрылғысына қоя отырып белгілі бір сомаға дейінгі төлемді жасауға болады. Осы әдісті алаяқтар пайдалануы мүмкін, әсіресе адамдар көп жерлерде: қоғамдық көліктерде, кезектерде және т.б.  Бұл жағдайда есептеу құрылғысын сөмкеге немесе әмиянға жанастырып іске асыруы мүмкін.  Егер карта иесі күдікті төлемдер анықтаған болса, банкке жүгіну және картаны бұғаттап тастау қажет. Сонымен қатар  төлемді қайтару туралы өтініш жазуы тиіс. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін картаны әмиянның, сөмкенің арнайы бөлігінде немесе банк карталарына арналған қаптамаларда сақтау қажет. 

Банкоматқа алаяқтар құрылғылары орнатылған

Банк карталары мен пин-кодтарын ұрлау көбіне арнайы құрылғылар – скиммерлер көмегімен жүзеге асырылады. Бұл құрылғы банкоматты пайдалану кезінде картаның магнит жолағында немесе чиптегі ақпаратты көшіріп алады. Ал жасырылған пернетақта немесе камера пин-кодты түсіріп алады. Осы мәліметтер көмегімен карта иесінің шотына тіркелген банк картасының толық көшірмесін жасап шығуға болады. Сондықтан карта иесі шотынан ақша алынғанын байқаған жағдайда картаны бұғаттап және банктен қашан және қай жерлерде ақша алынғаны туралы ақпаратқа өтінім жасауы тиіс.     

Барлық банкоматтарда бақылау камералары орнатылуы тиіс. Камера көмегімен алаяқтардың фотосуреттерін құқық қорғау органдарына беруге болады. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін пайдаланар алдында банкоматты тексеру қажет. Банкоматта ешқандай қосымша құрылғы болмауы тиіс, ал пернетақтасы нық орнатылған болуы тиіс. Пин-код енгізу барысында пернетақтаны сырттан бақылаудан қолмен жауып тұрған жөн. Пернетақтаға көлегейлеп тұратын қалқаншалар орнатылған болса жақсы, бұл жағдайда қосалқы пернетақта орнату мүмкін емес және пин-кодты қарап алу да мүмкін болмайды. Банк бөлімшелері ішінде орналасқан банкоматтарды пайдаланған дұрыс. Олар жиі тексеріледі және жақсы күзетіледі. Күдікті операцияларды қалт жібермес үшін трансакциялар туралы SMS-хабарламаларды өшірмеген жөн. 

Осы тәріздес қарапайым ережелер Сізді алаяқтарға жем болудан қорғайды. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: nur.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×