Now Reading
Дүйсенбі күні «Бастау Бизнес» курстарына онлайн тіркелу басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Дүйсенбі күні «Бастау Бизнес» курстарына онлайн тіркелу басталады

Дүйсенбі күні «Бастау Бизнес» курстарына онлайн тіркелу басталады

Осы аптадан бастап «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша курстарға онлайн тіркелу басталады. Осы жыл ішінде курстардан өткендердің үштен бірі дерлік мемлекет тарапынан қаржылай көмекке жүгіне алады деп хабарланады.

Наталья, Аза және Анастасия құрбылар, олар Қостанай қаласында әдеттен тыс бизнес жасауға шешім қабылдады. Олар микрокөкжелек өсірумен айналысады. Аталмыш идеяны құрбылар Вьетнамнан әкелген. Бизнесті дамытуға «Bastau Business» бағдарламасы көмектесті. Кәсіпкерлер бұл жоба курстарынан өткен жылы өткен, содан кейін мемлекеттен жарты миллион теңге көлемінде қаржылай көмек алды.
«Біз бизнес бастап көрейік деп шештік. Бизнесімізді дамыту үшін қаржылық көмек көрсетілді, біз осы қаржымен қажетті жабдықтарды сатып алдық. Өнім көбейген сайын сату көбейді. Сонымен қатар көмек көретілген қаржының қайтарымсыз екендігі тамаша мүмкіндік. Қайтарымсыз болғаны бизнеске жол ашудың басты мүмкіндігі», — дейді кәсіпкер Анастасия.
Облыста 3 мыңға жуық адам өз ісін сәтті бастаған. Олардың барлығы Қазақстанда 4 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бастау Бизнес» курстарын аяқтағаннан кейін қаржылық қолдау алған. Биылғы жылы да 19 сәуірден бастап «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сайтында оқуға жаңа өтінімдерді тіркеу басталады.
«Биыл 1250 адамды оқыту жоспарланып отыр. «Atameken Academy» ААЖ арқылы онлайн-оқытудың 5 ағыны ұйымдастырылды. Оқыту 50 бейне сабақтан, дәріс конспектісінен, таныстырылым материалынан, тестілерден, сонымен қатар бизнес-жоспар құырылыман тұрады», — дейді «Бастау Бизнес» кеңесшісі Айман Жақижан.
«Бастау Бизнес» жобасына веб-сайтта өтініштерді қабылдауды ресми бастамай тұрып қостанайлықтар қызығушылық таныта бастады. Өтініштерді ресми қабылдау басталмай тұрып жұмыспен қамту орталығында да өтініш қалдыруға мүмкін болатын. Ол үшін тек жеке куәлік пен қатысушының мәртебесін растайтын, жобаның қатысушысы болуға мүмкіндік беретін ЭСҚ қажет болды. Мысалы «Бастау» курстарына жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе кәсіпкерлер, мүгедектер, жастар мен зейнетке дейінгі жастағы адамдар, сондай-ақ көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардың мүшелері және басқалары қатыса алады.
«Бастау сертификаты бизнес жүргізу туралы білім береді және біздің түлектерге мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алуға қатысуға мүмкіндік береді. Бизнесті ашқандар мен кеңейткендер саны бойынша жоспарланған тиімділік көрсеткіші тыңдаушылар санының кемінде 30 пайызын құрайды», — деп баяндады Айман Жәкіжан.
Курстар 26 сәуірде басталады деп жоспарланған. Олар 21 күнге созылады және тегін болады. Білім алушыларға арналған орындар саны шектеулі болғанымен, барлық өтініштер қабылданады. Осы сәуірде курстарға ілінбеген тұлғалар келесі жылы осы тапсырған өтініштері бойынша курстан өте алады.
Кеңес алу ТЕЛЕФОНЫ: 39-42-08 (ІШКІ 3915);
Қоңырау орталығы: 1432

 

 

 

Источник: alau.tv

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×