Now Reading
Қостанай облысының тұрғыны қиын жағдайға тап болған жандарға арнап баспана ашты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанай облысының тұрғыны қиын жағдайға тап болған жандарға арнап баспана ашты

Қостанай облысының тұрғыны қиын жағдайға тап болған жандарға арнап баспана ашты

Қостанай облысының Забеловка ауылында қиын жағдайға тап болған алты адам Екатерина Гусейнова үйінен баспана тапты.

Он жыл ішінде оның әлеуметтік үйінен жиырма жеті ер адам мен әйел қоныс тапқан.  Қазір Забеловканың шетіндегі үйде алты ер адам тұрады. Бұл жандардың барлығы қиын тағдырмен бетпе-бет келген және мүгедектік алған жандар. Оларға бұрынғы әлеуметтік қызметкер күтім жасайды. 

Осындай әлеуметтік баспананың негізін салған Екатерина Гусейнова: — Екі тұрғын аяғымен жүре алады, біреуі жартылай сал, біреуі соқыр, саңырау, біреуі Чернобыль ардагері, екі адам үшінші топ ардагері, екеуінің зейнетақысын сенімхатпен алып отырмын. Осы ақшаға күнелтіп отырмыз. Қажетті азық-түлік, киім-кешек аламыз.  

Жұмабек Давлетов алты айдан бері осы жерде. Жұмабекті  туған қызы алып келген. Ер адам мүлдем көрмейді және әрең естиді. Бірақ бұл жерде оған да ермек табылған. 

Жұмабек Давлетов, тұрғын: — Мен мүлдем көрмеймін. Радио тыңдаймын. Қаттырақ сөйлегенде ғана естимін. Катерина Николаевна келіп, ауылда не болып жатқанын айтады. 

Николай Ступников Жітіқарадан келген адам. Оның қалалық пәтерінде өрт болған. Бір жылдан астам уақыт қала ауруханаларында жатқан.

Николай Ступников, тұрғын:  — Аяқтарым қатты күйген. Мүлдем жүре алмадым. Үйде жалғыз қала алмадым, 3-қабаттан азық-түлікке түсуге, жүруге шамам болмады. Әлеуметтік қызмет мені осы жерге алып келді. Алғашқы екі ай төсектен тұрмай жаттым, ал қазір көп қозғаламын. 

Үйде тұрғындардың өздері тәртіп сақтайды. Ал тамақ дайындау, кір жууға Катя «аналары» келеді.    Бұл кісі ерікті түрде  көмек көрсетеді. Мейірімді жандар киім-кешек пен азық-түлік түрінде көмек көрсетіп отырады. Көкөністерді өздері өсіреді. 

Екатерина Гусейнова, баспана негізін қалаушы: — Бізде шошқа, тауық бар, картоп, қызанақ отырғызамыз. Барлық тұрғындардың туған күндерін, мерекелерді тойлаймыз. Мұндай үй-күйсіз қалған жандар жеткілікті, бірақ жастар мұндай іске жолағылары келмейді.   

 Осы жылы Екатерина Гусейнова республикалық «Мейірімділік керуені» байқауында екінші орын алған. «Жүлдеге тұрмыстық техника берілген. Ол үшін Алматыға бару керек болған, тұрғындарды қараусыз қалдыра алмадым» — дейді кейпікеріміз.  

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×