Now Reading
Судың болмауынан мүгедектігі бар баласымен үйден кетуге мәжбүр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Судың болмауынан мүгедектігі бар баласымен үйден кетуге мәжбүр

Судың болмауынан мүгедектігі бар баласымен үйден кетуге мәжбүр

 

Қарағанды облысында әйел адам мүгедектігі бар баласымен 8 жылдан бері су болмаған үйлерін  тастап, жылдамалы пәтерге көшуге мәжбур болды. Отбасының барлық қаражаты жалдамалы пәтерге кетеді. Ал бұл мәселені шешуге шенеуніктер асығар емес. 

Оксана Ахметшинаниң үйі Қарабас ауылының шетінде орналасқан. Оксана бойында церебральді сал ауруы бар қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Сегіз жыл бұрын жергілікті қарьерде ТЖ орын алып ауылдағы бірнеше үйде су болмай қалған, оның ішінде Оксананың да үйі бар.  

«Менің әр таңым кір жуудан басталады. Сусыз күнім жоқ», — дейді жалғызбасты ана.

Бастапқыда Оксана Ахметшина ара қашықтық бір  км болатын көршілерінен су таситын. Кейінірек жалдамалы пәтерге көшуге мәжбүр болды. Қазір отбасылық бюджеттің көп бөлігі жалдамалы пәтерге кетеді, ал ауылдағы үйі біртіндеп тозып барады. 

 «Балам 21 жаста, мүгедектігі бар. Мен баламды жалғыз қалдырып су тасимын. 8 жыл бойы мен осылай жүрмін. Құрметті шенеуніктер, біз секілді жандарға жандарыңыз ашымай ма? Қандай бір көмек беріңіздерші. Менің үмітім облыстық әкімдік болып отыр. Үйіме су тартып берсе, бақша отырғызып, картоп өсірер едім. Кейде аш қалатын да кездеріміз болады», — деді Оксана Ахметшина. 

Жергілікті шенеуніктер бұл отбасының мәселесін жақсы біледі екен, бірақ әлі күнге дейін мәселелерін шешіп бермегенін айтады. Су тартып беруге қаражат бөлінбеген. Тіпті бұл мәселеге қаражат бөлінеді деген де шешім жоқ екен. 

«Басшылық бұл отбасының проблемасын біледі. Алдағы уақытта сумен жабдықтау желілерін тарту үшін  бюджеттік қаражат бөлу мәселесі көтеріледі. Алдағы 3 жылға жоспарлау жақында қарастырылады. Биыл кәріз жүйесін аяқтаймыз. Содан кейін 2-3 жыл ішінде мәселе толығымен шешілуі керек», — деді Қарабас ауылының әкімі Әлібек Әліпбеков.

Ауылдағы кәріз мәселесі де шешімін таппаған. Жаңа жүйе 4 жыл  бойы салынып келеді, ескі кәріз тозығы жетіп, барлық кәріз ауыл арқылы ағып жатыр. Ата-аналар балаларын далаға жіберуден қорқады. Тұрғындар Абай ауданының прокуратурасы мен әкімдігіне аталмыш мәеселе бойынша  бірнеше рет өтініш жазған, бірақ мәселе әлі шешілмеген. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×