Now Reading
Диетолог маман қандай таңғы ас ұйқы безінің қатерлі ісігін қоздыратынын айттып берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Диетолог маман қандай таңғы ас ұйқы безінің қатерлі ісігін қоздыратынын айттып берді

Диетолог маман қандай таңғы ас ұйқы безінің қатерлі ісігін қоздыратынын айттып берді

Диетолог маман Светлана Титова пісірілген жұмыртқа мен беконнан тұратын таңғы ас тойымды болғанымен, пайдалы таңертеңгілік ас қатарына жатпайды дейді.
Шындығында бұл танымал тағамның құрамында жануарлар ақуызының көп мөлшері бар, сондықтан ағзамыз оны қорыту үшін көп энергия жұмсайды. Адам ұйқыдан тұрғаннан кейінгі алғашқы асын шкеннен кейін сергектік сезімінің орнына асқазан ауырлығын, шаршау сезімдерін сезінуі мүмкін.
«Бірақ бұл тағамның ең зиян қасиеті емес. Күн сайын 100 грамм қуырылған бекон жеу ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупін 38 пайызға арттырады», — деп ескертеді диетолог С.Титова.
Сондай-ақ маман көптеген адамдарға таныс өнімдерді бірге араластырып жеуден бас тартуға кеңес берді.
Мәселен, котлет пен наннан тұратын сэндвич, оның үстіне кофе қосылып жатса асқазан ауруларын тудыруы мүмкін.
«Кофеин нанның құрамындағы В дәрумендерінің сіңуіне кедергі келтіреді. Бутерброд жеп алып, бір сағаттан кейін хош иісті кофе ішкен дұрыс», — дейді диетолог.
Сондай-ақ дәрігер қарақұмықты сүтпен бірге жеуге болмайды, өйткені біз бірінші кезекте сүттен кальций, ал темірді қарақұмық ботқасынан алғымыз келеді. Кальций темірдің сіңуіне кедергі келтіреді.
Сонымен қатар маман қарақұмық пен сүтті араластырып жеуден бас тартуға кеңес береді. Ағзамызға сүттен кальций, ал қарақұмықтан темір сіңуі үшін екеуін араластырмаймыз. Кальций темірдің сіңуіне кедергі келтіреді. Мұндай тағам да жеңіл тағам емес, сондықтан олардың үйлесуі асқазан-ішек жолындағы ақауларға әкелуі мүмкін, соның салдарынан — диарея, іш қату немесе жүрек айну болуы мүмкін.
Диетологтың айтуы бойынша, өзара үйлеспейтін тағы бір тағам — ірімшік қабығымен пісірілген ет. «Ірімшік фосфорға, ал ет мырышқа бай. Бұл өнімдер жеке алғанда ағзаға өте пайдалы және қажет, бірақ бірге қолданған кезде фосфор мырыштың толық сіңуін бәсеңдетеді. Сонымен қатар, ет қосылған ірімшік іштің кебуіне себеп болады» — дейді маман.

 

 

Источник: Tengrinews

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...