Now Reading
Ғалымдар кофенің мидың жұмысына қалай әсер ететіні туралы айтып берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ғалымдар кофенің мидың жұмысына қалай әсер ететіні туралы айтып берді

Ғалымдар кофенің мидың жұмысына қалай әсер ететіні туралы айтып берді

Зерттеушілер алғаш рет үнемі кофе ішетін адамдардың миында болатын функционалдық өзгерістерді егжей-тегжейлі сипаттап берді. Зерттеуге қатысушыларға ми талшықтарының белсенділігіне функционалды магнитті резонанстық томография (фМРТ) жасалып, стресс, мазасыздық, күйзеліс тәрізді көрсеткіштер бағаланды. 

Кофеин мидың әртүрлі бөліктері арасындағы байланысты күшейтетіні анықталды, бұл зейінді, есте сақтауды және танымдық қызметті арттыруға көмектеседі. Бұл туралы мақала Molecular Psychiatry журналында жарияланған.

Минхо (Португалия) университеті және Орхус университеті (Дания) медицина факультеттерінің  қызметкерлері жүргізген зерттеуге үнемі кофе ішетін және мүлдем кофе тұтынбайтын еріктілер қатысты.

Бірінші топқа 24 адам, екінші топқа – 31 адам алынды. Қатысушыларға мидың қосылыстарының белсенділігін бағалау үшін функционалды магнитті-резонанстық томография (фМРТ) жасалды, сонымен қатар стресс, мазасыздық және күйзеліс көрсеткіштері бағаланды. 

Кофені үнемі тұтынудың ми талшықтарына әсері алғаш рет дәл осы деңгейде зерттелді. Алынған  нәтижелер механикалық деңгейде кофенің қолданыстағы зерттеулерде байқалған кейбір әсерін мысалы қозғалтқышты басқару, байқампаздық пен есте сақтауды жақсарту және оқу қабілеттерін арттыру тәрізді қызметтерін түсіндіруге көмектесті. 

Екінші топтағы қатысушылардың да кофе ішкен соң танымдық қабілеттерінің жақсаруы байқалған. Сондықтан мамандар кофеиннің әсері уақытша деген қорытындыға келді.

 

 

 

 

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×