Now Reading
29 сәуір күні «Астана Опера» театрында «Абай» операсы көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 29 сәуір күні «Астана Опера» театрында «Абай» операсы көрсетіледі

29 сәуір күні «Астана Опера» театрында «Абай» операсы көрсетіледі

Биыл еліміздің музыкалық әлемі ұлы композиторлар — Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығын атап өтуде. Композиторлардың туған күніне орай 29 сәуірде, сондай-ақ 17 шілдеде «Астана Опера» сахнасында олардың бірлескен авторлығымен дүниеге келген ұлы «Абай» операсы сахналанады. Операның дирижері және музыкалық редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев Ахмет Жұбановтың туған күні 29 сәуір қарсаңында өзінің атасы – аңызға айналған ұлы тұлға туралы айтып берді.
«Мен Ахмет Жұбановты туыстарының әңгімелерінен және оның музыкасы мен әдеби мұрасын тікелей зерттеу арқылы білемін. Оның бейнесі менімен жастайымнан бірге өмір сүріп келеді. Ахмет Қуанұлының үлкен немересі, менің анам – Шолпан Жұбанова ол туралы көп айтады. Көптеген естеліктерді атам, академик, профессор Болат Жұбанов айтып берген, бүгінгі таңда композитордың кіші қызы, академик Ажар Жұбанова айтып берді.
Ахмет Жұбанов — керемет талант иесі. Оның мұрасының кең болғаны соншалық, мен оны Ренессанстың ұлы қайраткері, көптеген салаларда данышпан болған Леонардо да Винчимен салыстырар едім. Жұбанов бұл тұрғыдан да әмбебап тұлға. Ол керемет композитор, бірақ бұл оның талантының бір ғана көрінісі. Оны Қазақстанның музыкалық мәдениетін қалыптастырушы деп атауға болады. Құрманғазы атындағы оркестрдің негізін қалаушы, жетекшісі және дирижері, консерваторияның алғашқы ресми ректоры, алғашқы музыкалық колледждің негізін қалаушы, Ғылым академиясының негізін қалаушылардың бірі, ол музыкатанушы және зерттеуші, қазақ музыкасы туралы кітаптардың авторы.
Ол симфониялық оркестрдің дирижерлік ісін қолға алған алғашқы қазақ дирижері. Оның талантының бүгінде сирек айтылатын тағы бір қыры, ол кітаптарды қазақ тіліне аударған. Мысалы, өкінішке орай, баспада жоғалған Паганини туралы еңбекті аударған. Мен «Астана Опера» гастролімен Италияда, Паганинидің отаны Генуяға барып, «Абай» операсына дирижерлік еткенде Жұбанов пен Паганини арасындағы осы көзге көрінбейтін байланыс туралы ойладым», — деді Алан Бөрібаев.
Оның пікірінше «Абай» операсының музыкасы осындай шынайы мәнерлілік пен өткірлік күшіне жетеді, ол әр түрлі ұлттардың тыңдаушыларын қызықтырады. «Бірде Парижде спектакль аяқталғаннан кейін, бір тыңдаушы көзіне жас алып:«Бұл музыка мен туралы» деп қасыма келді. Мен үшін «Абай» операсына дирижерлік ету әр уақытта, жанымды тербейтін әсерлі оқиға. Бірде-бір артық нотасы жоқ бұл керемет туынды әлемдік классикалық операның жоғарғы үлгісі болып табылады», — деп қорытындылады Алан Бөрібаев. Абай партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Азамат Желтыргузов шырқайды (дебют). Ажардың бейнесін «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова бейнелейді. Абайдың шәкірті — Айдардың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейір Байнеш пен Жан Тапин сомдайды. Бейімбет Таңарықов Әзімнің партиясын дайындауда. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев Жиренше партиясында дебют жасайды, екінші күні бұл бейнені Талғат Галеев ұсынады. Қарлығаш рөлін — Татьяна Вицинская, Малика Минизини. Көкбай рөлін — Ержан Саипов. Сырттан рөлін — Болат Есімханов, Шыңғыс Расылхан (дебют). Нарымбет рөлін — Рамзат Балакишиев, Мес рөлін — Хайдар Мустапини сомдайды. Естеріңізге сала кетейік, карантин кезеңінде театрға бару «Ashyq» бағдарламасын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Спектакльдер сағат 19: 00-де басталады

 

 

Источник: Казинформ

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×